Регламент Гос.услуга 2018

Автор: admin от 18-09-2018, 01:41, посмотрело: 15

0









Алматы қаласы әкiмдiгiнiң «Мектепке
дейiнгi тәрбие мен оқыту саласында
Алматы қаласы Бiлiм басқармасы
көрсететiн мемлекеттiк көрсетiлетiн
қызметтер регламенттерiн бекiту
туралы» 2015 жылғы 7 тамыздағы
№ 3/500 қаулысына өзгеріс енгізу туралы


Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуiрдегi «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 58 «Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту саласында жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым Министрiнiң 2015 жылғы 7 сәуiрдегi № 172 бұйрығына өзгерiс енгiзу туралы» бұйрығын басшылыққа алып, Алматы қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Алматы қаласы әкiмдiгiнiң «Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту саласында Алматы қаласы Бiлiм басқармасы көрсететiн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер регламенттерiн бекiту туралы» 2015 жылғы 7 тамыздағы № 3/500 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде № 1204 болып тiркелген, 2015 жылғы 22 қыркүйекте «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерiс енгiзiлсiн:
аталған қаулымен бекітілген «Мектепке дейiнгi балалар ұйымдарына жiберу үшiн мектепке дейiнгi (7 жасқа дейiн) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламенті осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Алматы қаласы Білім басқармасы осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді жүргізсін, одан кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін интернет-ресурста және Алматы қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында жарияласын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары А. Қырықбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Алматы қаласының әкімі Б. Байбек





















































Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласы әкiмдiгiнiң
«Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту саласында Алматы
қаласы Бiлiм басқармасы көрсететiн мемлекеттiк
көрсетiлетiн қызметтер регламенттерiн бекiту туралы»
2015 жылғы 7 тамыздағы № 3/500 қаулысына
өзгеріс енгізу туралы» қаулысына
келісу парағы


Енгізуші:
Алматы қаласы Білім
басқармасының басшысы Р. Шимашева

Келісілді:
Алматы қаласы
әкімінің орынбасары А. Қырықбаев

Алматы қаласы
әкімі аппараты басшысының
міндетін атқарушы Ә. Өскенбаев

Алматы қаласы әкімі аппараты
мемлекеттік-құқықтық
бөлімінің басшысы Ж. Мұхамеджанов

Алматы қалшасы әкімі аппараты
мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді
бақылау және ақпараттық технологияларды
дамыту бөлімінің басшысы М. Сүйіндіков


Таратылсын: Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді бақылау және ақпараттық технологияларды дамыту бөліміне, Алматы қаласы Білім басқармасына (2 дана).









Орынд. Е. Қанатбекұлы
Тел. 262-27-41
0281350шаблоны для dle

Категория: Информация

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.