20
ноябрь
2025
Қазақ балалар әдебиетінің іргесін қалаған, көрнекті жазушы, зерттеуші, абыз қария Сапарғали Ысқақұлы Бегалиннің туғанына 130 жыл толуына арналған кең көлемді әдеби-танымдық іс-шара өтті
https://www.instagram.com/reel/DRRQ6P8jPt0/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
20 қараша күні сағат 11:00-де №33 балалар кітапханасында қазақ балалар әдебиетінің іргесін қалаған, көрнекті жазушы, зерттеуші, абыз қария Сапарғали Ысқақұлы Бегалиннің туғанына 130 жыл толуына арналған кең көлемді әдеби-танымдық іс-шара өтті. Шара аясында арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдеби сағат өткізілді.
Іс-шара барысында кітапханашы оқушыларға Сапарғали Бегалиннің өмір жолы, шығармашылық ерекшеліктері, балалар әдебиетіне қосқан ұшан-теңіз үлесі туралы кеңінен әңгімелеп берді. Оның «Көктөмір», «Қыран туралы аңыз», «Сәтжан», «Шоқан асулары», «Жеткіншек», «Ермектің ертегісі» секілді балалар сүйіп оқитын туындылары туралы қызықты мәліметтер ұсынылды.
Балалардың белсенділігін арттыру мақсатында жазушының өмірі мен еңбектеріне байланысты сұрақ-жауап, ой қозғау тапсырмалары, шағын танымдық ойындар ұйымдастырылып, оқушылар өз ойларын ортаға салды. Әсіресе, Бегалиннің табиғат суреттеуі, балалар психологиясын дәл беру шеберлігі, жас ұрпақты еңбекке, адалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу идеялары туралы пікір алмасу қызықты болды.
Іс-шараның маңызды бөлігі ретінде дайындалған «Сапарғали Бегалин – балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты көрме оқушылардың ерекше назарын аударды. Көрмеде жазушының әр жылдары жарық көрген кітаптары, фотоиллюстрациялар, өмір деректерінен алынған материалдар қойылды. Кітапханашы көрме экспозициясын таныстырып, әр кітаптың мазмұндық маңызы мен тәрбиелік ерекшеліктеріне тоқталды.
Балалар жазушы шығармаларын парақтап, өздеріне ұнаған кітаптарды таңдап, үйге алу мүмкіндігіне ие болды. Шара соңында оқушылар алған әсерлерімен бөлісіп, жазушының кітаптарын оқу ниеттерін білдірді.
Іс-шараның мақсаты:
• Қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі Сапарғали Бегалиннің шығармаларын насихаттау;
• Оқушыларды кітап оқуға, әдеби мұраға қызықтыру;
• Балаларға көркем сөздің құдіретін сезіндіру, ұлттық әдебиетке құрмет қалыптастыру;
• Тарихи және рухани тұлғаларды таныту арқылы Отанға, еңбекке, ізгілікке тәрбиелеу.