Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376-04-89
Есепші бөлімі:
+7(727) 375-19-93
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Есте сақтаңыздар! Судағы апаттан қорғанудың ең сенімді жолы - суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау.
15
апрель
2021

Есте сақтаңыздар! Судағы апаттан қорғанудың ең сенімді жолы - суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау.

124 жалпы білім беретін мектеп  бойынша барлық сыныптарда «Жаз айларында суға түсу кезіндегі қауіпсіздік шараларды сақтау ережелері» туралы нұсқаулық таныстырылды.

I. Суда шомылудың қауіпсіздік шаралары

- Суға шомылатын жердіжалпы жағдайды судың тазалығынтереңдігін мұқият тексеріп алыңыз.

- Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз.

- Суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылыңыздар.

Өте ұзақ шомылмаңызөзіңізді шаршауға және тоңып қалтырауға дейін жеткізбеңіз.

- Суға түскенде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыз.

Қоршау белгілеріненбуйлардан тысқары аумаққа шықпаңыз.

- Техникалык ескерту белгілерініңбуйлардың және басқалардың үстіне шығушы болмаңыздар.

     II.  Көлдердетоғандарда, тоқтау сулар мен шалшық суларда шомылудың қауіптері Өзендер мен көлдердетоғандардатоқтау сулар мен шалшық суларда шомылудың қауіпі молсебебі инфекциялық аурулардың қоздырғыштары ағын судаІш-сүзегі 183 тәулікдизентерия 12-92, оба 4-92, туляремия 7-31, бруцеллез 4-45 тәулікке дейін өмір сүреді.

   III. Аяқ-қол тырысуы (судорогаболғанда сіздің іс-әрекетіңіз Суық суда шомылу қол-аяқтың тырысып қалуына әкеліп соғады.

- егер тырысу болғанда жүзуді тоқтатып суға арқаңызбен шалқалай жатыңыз, сабырлық сақтаңыз.

қолыңыздың саусақтары тырысып қалғанда жұдырығыңызды түйіңізқолыңызды бір жаққа қарай серпе лақтырыпжұдырығыңызды ашыңыз.

- балтыр бұлшық еті тырысқанда бүгіліп қолыңызбен аяғыңыздың басын қысып бар күшіңізбен өзіңізге қарай тартыңыз, немесе аяғыңызды судың астына созыпаяғыңыздың бармақтарын алға иіңізСодан соң балтырыңызды сылаңыз.

- тырысу қойысымен тынығып алыпжүзудің басқа әдісімен жағаға шығыңыз.

    IV. Су иірімінен шығудың тәсілдері

- Егер иірімге тап болсаңызкеудені кере дем алып, иірімнің астына сүңгіңіз.

- Судың астында иірімнен алысырақ кетуге тырысыңыз.

- Иірімнен алыстаған соң судың бетіне қайта шығып жағаға қарай жүзіңіз.

    V. Суда қатты шаршаған кездегі іс-әрекет Суда ұзақ шомылу шаршап - шалдығуға әкеліп соғады.

- Егер суда шарашасаңыз немесе тоңсаңыз тез арада жағаға қайтыңызСабыр сақтаңыз.

Әлсін - әлсін шалқалай жатып дем алыңызкүшіңізді үнемдеңізөзіңізді және уақытты бақылау үшінжаймен дауыстап санаңыз.

- Егер өз күшіңізбен жағаға жете алмайтыныңызды сезінсеңіз шалқалай жатып қолыңызды бұлғап көмекке шақырыңыз.

    VI. Суық судың қауіптілігі Суық суға түсіп кеткен адам 10-30 минутта көбіне суық өтіп қайтыс болады (5-7С 2-ші дәрежелі гипотерамия). 5-15 минут қимылсыздық суықтан талуға (шокжәне өлімге әкеліп соғадыСуық судан шығарылыпаман қалғанның өзінде жиі-жиі есінен танадыОрганизімнің жалпы салқындауы қатты шаршағандаашыққандамас күйінде тезірек боладыФизиологиялық ерекшеліктеріне байланысты әйелдер суық суға төзімдірек боладыерлер 4-5 минуттан соң-ақ жүректері тоқтап қалуы мүмкінСуық суда клиникалық өлім 30-60 минутқажылы суда 5-6 минутқа созыладыТұщы суға батқан адам 1-3 минуттаал теңіз суында 7-8 минутта қайтыс боладыСондықтан суық суда әрбір секунд қымбат.

    VII. Судағы қатерге ұшыраған адамға алғашқы көмек Қатерге ұшыраған адамға көмек көрсеткенде мүмкіндігінше тездетіп оттегі жетімсіздігін қолдан дем алдыру тәсілін қолдану арқылы жойыңыздар. - қатерге ұшыраған адамды судан алып шыққаннан кейін оның киімін беліне дейін шешіп, демалу жолдарының жоғары жағын және асқазанын судан босатуға кірісу; - қатерге ұшыраған адамның аузын азу тістерінінің әр жағынан саусақпен қармайнемесе қол орамалменне дәке оралған пышақ жүзіменшай қасықтың сабымен немесе жалпақ темір заттпен ашу керек. - Ауыз ішін шырыш пен балдырдан тазалау керек. - Қатерге ұшыраған адамның жоғарғы тыныс жолдары мен асқазанын судан арылту үшін оның кеудесін көмек көрсетушінің тізесінің бүгілген аяғының үстіне басын төмендетіп салыпкеуде сүйегінің астыңғы бөлімдерін ырғақпен қысып баса беруЕң жеңіл және тиімді тәсіл - «ауыздан - ауызға» немесе «ауыздан - мұрынға» ауа үрлеуҚатерге ұшыраған адамды бетін жоғары қаратып жатқызыпбір қолды оның мойнының астына жіберіпекінші қолымен маңдайынан басыпбасын мүмкіндігінше шалқайтуБас бармақпен және сұқ саусақпен қатерге ұшыраушының мұрнын қатты қысыпдемді ішке терең алыпоның аузына минутына 18-20 дем салу керекҚатерге ұшыраушының жүрек соғуын ұдайы қадағалап отыру керекЕгер жүрек соғуы тоқтап қалса қолдан дем алдыру мен қатаржүрекке тікелей емес массаж әдісін қолдану керекол үшінқатерге ұшыраушының жүрек түсына бір алақанды қойып екіншісін айқастыра салу керекекі колдың да саусақтары көтеріңкі болу қажетдене салмағын пайдаланатөс сүйекті омыртқа жотасына қарай 4-5 см қысадыжиілігі минутына 70-72 рет.

Есте сақтаңыздар

Судағы апаттан қорғанудың ең сенімді жолы - суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: