Мемлекет басшысы «Nur Otan» партиясының атауын «Аманат» деп өзгертуді қолдады » КГУ «Общеобразовательная школа №124»УO г.Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376-04-89
Есепші бөлімі:
+7(727) 375-19-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мемлекет басшысы «Nur Otan» партиясының атауын «Аманат» деп өзгертуді қолдады
01
март
2022

Мемлекет басшысы «Nur Otan» партиясының атауын «Аманат» деп өзгертуді қолдады

Мемлекет басшысы «Nur Otan» партиясының атауын «Аманат» деп өзгертуді қолдады

Бүгін «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XXII съезі өтті.

«Nur Otan» партиясының атауын «Аманат» деп өзгерту туралы шешім қабылданды. Бұл ұсынысты саяси ұйымның кезектен тыс съезінде Президент қолдады.

Өз сөзінде мемлекет басшысы атауға қатысты бірнеше ұсыныс болғанын атап өтті. Егемендіміз, елдігіміз бен бірлігіміз, кең байтақ жеріміз бабалардан жеткен аманат. Осы қастерлі құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтап, болашаққа мирас етуіміз керек. Халқымыз ешқашан аманатқа қиянат жасамаған деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

«Партия барлық реформаға ұйытқы болуға тиіс. Ол үшін өзгерісті алдымен өзімізден бастауымыз керек. Сондықтан бүгінгі күн тәртібіндегі негізгі мәселе – партияны жаңғырту. Заман, қоғам, адам өзгеріп жатқанда партияның өзгеруі заңдылық. Бұл – уақыт талабы. Осыған орай, жаңа ғана айтылғандай, саяси ұйымның атауын «Аманат» деп өзгерту ұсынылды. Жасыратын ештеңе жоқ, мен де бұл мәселеге байланысты пікірталасқа қатыстым. Бірнеше ұсыныс болды. Соның ішінен «Аманат» деген атауға тоқталдық. Бұл еліміз үшін де, ұлтымыз үшін де айрықша мәні бар киелі ұғым», - деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Съезд барысында Президент партия жұмысын жандандыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді. Атап айтсақ, Мәжіліс пен мәслихаттарда жаңа бағыт керек деп атап өтті. Партия жанында түрлі кеңес пен комиссиялар баршылық болғанмен, оларда мәселелер қайталанып талқыланады. Алайда нақты шешімдер сирек қабылданады деп сынға алды.

«Ұстанымымыз мемлекетіміздің қауіпсіздігін, егемендігін, аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету тұрғысында болуы тиіс. 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы саммитін өзіне қабылдаған ел ретінде біз Еуразиялық қауіпсіздіктің тұтастығы ұстанымын қолдаймыз. Бұл жайында мен 10 ақпандағы Мәскеуге сапарым барысында да айттым. Тұтастық ұстанымы және қауіпсіздіктің ортақтығы өзара сенім негізіндегі өзара түсіністікті білдіреді. Өкінішке қарай, мұндай жағдай болған жоқ. Минск келісімі қағаз күйінде қалып қойды. Бұл Украина аумағындағы әскери іс-қимылға алып келді. Геосаяси ахуал теңдессіз түрде шиеленісті», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: