Егер сіздің балаңыз біздің мектепте оқитын болса, қандай мүмкіндерге ие болады? » КГУ «Общеобразовательная школа №124»УO г.Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376-04-89
Есепші бөлімі:
+7(727) 375-19-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Егер сіздің балаңыз біздің мектепте оқитын болса, қандай мүмкіндерге ие болады?
10
январь
2024

Егер сіздің балаңыз біздің мектепте оқитын болса, қандай мүмкіндерге ие болады?

📎Егер сіздің балаңыз біздің мектепте оқитын болса, қандай мүмкіндерге ие болады?

🖇️Білікті мұғалімдер білім беріп қана қоймай, сабақтан тыс уақыттарын тиімді пайдалану үшін, интеллектісін дамытуға, ерік-жігерін арттыруға әсер ететін үйірмелер қарастырылған. Сол үйірмелердің бірі робототехника. Бұл сала дүние жүзі бойынша үлкен сұранысқа ие. Мамандар мұнымен айналысу арқылы баланың ойлау қабілеті біртіндеп өзгере бастайтынын алға тартады. Әр түрлі деңгейдегі роботтарды құрастыру кезінде жеткіншектер жастайынан қолға алған әр ісін төзімділік пен соңына дейін жеткізуді мақсат ете бастайды.
🖇️ Шынтуайтында, Қазақстан үшін бұл өте жас сала болып саналады. Өйткені робототехника АҚШ, Германия, Жапония, Корея секілді елдерде ондаған жыл бойы тынымсыз еңбектің арқасында бір жолға қойылған. Қазіргі таңда аталмыш елдерде робототехника ғылымда және өндірісте кеңінен қолданылып, жоғары деңгейде дамыған.
🖇️Дәл осы сала бойынша біздің мектепте ең үздік маман жетекшілік етеді. Республика көлемінде ғана емес, әлем көлемінде I орындарды иеленуде.
https://www.instagram.com/reel/C16GFZso3PR/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​ 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации: