Елімізде орын алған ТЖ байланысты ҚР БҒМ басшылығымен 11 сынып түлектеріне аттестаттарды тапсыру 3-4 маусымға жоспарланды. » КГУ «Общеобразовательная школа №124»УO г.Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376-04-89
Есепші бөлімі:
+7(727) 375-19-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Елімізде орын алған ТЖ байланысты ҚР БҒМ басшылығымен 11 сынып түлектеріне аттестаттарды тапсыру 3-4 маусымға жоспарланды.
04
июнь
2020

Елімізде орын алған ТЖ байланысты ҚР БҒМ басшылығымен 11 сынып түлектеріне аттестаттарды тапсыру 3-4 маусымға жоспарланды.

 







































03.06.2020 ж . Алматы қаласы, Алмалы ауданы № 124 ЖББМ КММ санитарлық –эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға сәйкес салтанатты шараға қатысушылар арасында ара қашықтық, орындарының алдын ала белгіленуі, бетперде тағу тәртібі толықтай сақталып, 11 сыныпты бітіруші түлектеріне аттестат тапсыруға арналған «Мектебім менің сүйікті, қоштасар бүгін кез келді!»
тақырыбында салтанатты жиын өтті.
2019 - 2020 оқу жылында 51 шәкіртіміз білім нәрімен сусындап алтын ұя мектебімізден қанат қақты.
Биылғы оқу жылының қорытындысы бойынша мектеп бітіруші түлегіміз Ахмадзай Кристал « Алтын белгі »  иегері атанып, 6 оқушымызға:  Изтилеуова Ажар, Мулык Ақбота, Уалиева Алуа, Алимова Анель,Мамешова Ақерке, Омарова Адилияға «Үздік аттестат» тапсырылды.
Мектеп бітіруші түлектерімізге Ақ жол! Сәт сапар тілейміз!
Көгершіндей самғаңдар түлектерім,
Орындалсын өмірде тілектерің.
Үнімен соңғы естіген қоңыраудың.
Дірілдеді-ау ерекше жүректерің.

Мойытпасын қиындықтар сендерді,
Батылдықпен асыңдар сан белдерді.
Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,
Жақсы іспен қуантыңдар елді енді! – деп, бітіруші түлектер үшін ең соңғы қоңырау соғылды!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: