30
сентябрь
2021
«Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты іс-шара
Алмалы ауданы №124 ЖББМ бойынша Тіл мерекесі бойынша өткізілген іс-шара есебі
Мектебімізде тіл мерекесі қарсаңында өткізілген 10 күндік аясындағы «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты іс-шаралар өз мәресіне жетті.
Мақсаты: оқушыларға мемлекеттік тілді білудің маңызы жайлы айту және құрметтеуге үйрету. Қазақ тілі туралы мақал-мәтелдер, өлеңдер, нақыл-сөздер айту туралы оқушылардың сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту. Талай тарихи сыннан сүрінбей өткен қазақ тілінің дүние жүзіндегі ең бай, бейнелі, таза, өткір, терең, күшті, кең тіл ретінде талайды тамсандырғанын «Тіл тағдыры» атты сахналық қойылым барысында шебер жеткізе білді.

