28
апрель
2025
Ақпарат үшін!
Құрметті ата-аналар!!!
"№124 жалпы білім беретін мектеп" КММ 2024-2025 оқу жылындағы "Соңғы қоңырау" қорытынды аттестаттау және мектеп бітіру іс-шараларына байланысты маңызды ережелер мен шектеулерді назарларыңызға ұсынады:
- 4, 9, және 11 сынып түлектерінен мектеп қажетіне деп ақша жинауға қатаң тиым салынады;
- Аниматорлар, студиялар, агенттіктерді шақыруға рұқсат етілмейді;
- Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге сыйлық беруге болмайды;
- Мектептің ішкі жөндеу жұмыстарына немесе шаруашылыққа қажет заттар үшін ақша жинауға тыйым салынған;
- «Соңғы қоңырау» іс-шарасы қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып өткізіледі. Оған тек заңды өкілдерінің қатысуына рұқсат беріледі;
- Оқушылардың автокөлік шеруіне, ойын-сауық орталықтары, мейрамханалар мен демалыс орындарына баруына тыйым салынады;
Құрметті ата-ана!
Жоғарыда көрсетілген талаптарды назарда ұстай отырып, балаңыздың қауіпсіздігіне бей-жай қарамауыңызды сұраймыз. Сіздің ұл-қызыңызға сапалы білім мен саналы тәрбие беру біз үшін үлкен мәртебе әрі жауапкершілік. Кез-келген сұрағыңыз туындаса, біз әрдайым тыңдауға және жауап беруге дайынбыз!
Құрметпен, №124 ЖББМ КММ әкімшілігі.